Бейбітшілік – басты байлығымыз

0
974

«Ислам» сөзі араб тілінен қазақшаға аударғанда тыныштық, бейбітшілік, қауіпсіздік деген мағыналарды бірдей білдіреді. Ислам діні адамдардың татулық пен ынтымақта болуын, жалпы әлемге бейбітшілік орнатуды мақсат ететін дін.Ислам  діні – адамзатқа жіберілген ең соңғы кемел дін. Осындай қасиетті дінді қазақ халқы ежелден дәстүрлі дін етіп ұстанып, татулық пен ынтымақта өмір сүріп келген.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда түрлі (саяси, жеке мүдделік) мақсаттарда Ислам дінінің негізгі мағынасын өзгертіп, діндегі кең ұғымдарды тарылтып, Исламның басты негізгі қағидасы бейбітшілікті бұзыуға тырысуда. Бұл әрекеттердің артында үлкен топтар бар. Негізі – дін біріктіруші фактор, ал жоғарыда келтірген топтар ыдыратушы фактор ретінде пайдалануда. ОларИслам дініне қайшы келетін дүниелерді байланыстырып,асыл дінімізге күйе жағуда.  Осы мақсатқа жету үшін жандарын салып, барлық құйтырқы амалдарын іске қосып жатқанын байқаймыз.Солардың бірі — әлеуметтік желі, яғни ғаламтор кеңістігі. Әлеуметтік желілерде түрлі сайттарды ашып, дінді уағыздау арқылы адамдардың, соның ішінде жастардың санасын улау арқылы діни экстремизм мен лаңкестікке шақырып бағуда. Сондай-ақ, жастарды өз отбасынан, қатарлас-жолдастарынан оқшаулауға, түбінде өз еліне деген патриоттық яғни отан сүйгіштік сезімін өшіріп, көзсіз теріс сенімге және сезімге жетелеп, еліне қарсы шығуына апаратын діни теріс идеологияны енгізуді көздеуде. Кейбір жастар осы тұзаққа ілініп, саналары уланған күйде шекара асып, қолына қару алып жиһад деп, түкке тұрғысыз идея үшін бейбіт елде бейбіт халықтардың тыныштығын бұзуыкөңілімізге қаяу түсіреді. Немесе өз елімізде дәстүрлі дінді аттап, халқымыздың ежелден ұстап келе жатқан салт-дәстүрлерімізді мойындамай оны ширк,(Аллаға серік қосу) харам (тыйым салынған) деп айрандай ұйып отырған халықты бөлуге тырысып жатқандары қатты қынжылтады. Бұл жерде айтарым соқыр сенім адамды жарға жығады.

Біздің ел бейбіт сүйгіш діндерді қолдайды. Өйткені біз көп ұллты, көп конфессиялы мемлекетпіз. Ұлтаралық келісім бар жерде, діни тұрақтылығы бар жерде ел дамиды. Біз үшін бейбітшлік, бірлік, тыныштық қастерлі ұғымдар.

Құдайға шүкір, мемлекетіміз осы бір кереғар әрекеттердің алдын алу үшін түрлі бағыттағы кешенді шаралар мен бағдарламаларды қабылдап, шекара асып кеткен отандастарымызды елге қайтарып, жат ағымға ерген жастарымызды дәстүрлі дінімізге қайтаруда. Атап айтар болсақ  Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жусан» операциясын айтуға болады. «Жусан-1.2.3» операциясы террорлық, қауіпті аймақтардан отандастарымызды оның ішінде әйелдерді және балаларды  елімізге қайтарып, оларды Қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Десе де, еліміздегі әрбір азамат жаһандану заманда көрінген ақпараттарды эмоцияға беріліп қабылдап ала бермей істің ақ-қарасына көзін жеткізіп, өзінің діни сауатын, азаматтық құқығын жетілдіре отырып, айналасындағы адамдарға, жастарға татулық пен тыныштықты насихаттауы тиіс. Елімізде ресми ақпараттарға соның ішінде ҚМДБ-ның бекіткен имамдардан сұрауды және сараптамадан өткен кітаптарды оқуды негізге алайық.

Жоғарыда айтып өткеніміздей Ислам діні тыныштық пен татулықтың, бейбітшіліктің символы. Шынайы мұсылман адам айналасындағыларға сенім ұялататын тұлға. Мұндай адам ешкімге сөзімен де, ісімен де ешбір зиян келтірмейді. Өз халқы түгілі өзге ұлт пен өзге дінді ұстанушыларға да сыйластық, құрметпен қарап, өз отбасында, өз елінде бейбітшілікті орнату үшін септігін тигізеді. Бейбітшілік орнаған елде ғана Ислам да, ғылымда дамиды. Сондықтан, діни уағыз тыңдасақта, діни сауалға жауап ізесекте өз қаламыздағы дін саласына жауапты мамандарға, мешіттердегі имамдарға және ресми ақпараттарғажүгінуге кеңес беремін. Осы мәселелерді ескерсекжастар түрлі діни ағымдардан, түрлі арандатулардан айналып өтетіні анық.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
әлеуметтанушысы Жунисов Берік