Жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру

0
3327

Дін біле білгенге рухани азық, білмегенге от. Оның қоғамда алатын орны ерекше, діні жоқ, яғни, дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.
Қазіргі таңда, қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының қалыптастыруға ықпал етуі, әртүрлі топ өкілдерінің рухани, соның ішінде, діни өмір салтына деген қызығушылығын арттырады.

Дегенмен, қазіргі таңда дінмен байланыстының барлығы жағымды іс-әрекеттерімен көріне бермейді, өкінішке орай, мемлекетте орнатылған қағидаларға қарсы келетіндер де, кейбір дінге сенушілердің ел алдындағы борышын атқарудан бас тартушылар да кездесіп жатады. Қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.
Жастардың теріс діни ағымдарға тартылу себептері ретіндеинтернет пен әлеуметтік желілердегірадикалды сипаттағы видео, аудиолар, теріс діни әдебиеттер, әлеуметтік, материалдық жағдайы төмен жұмыссыз жүрген жастарды қаржылай көмек беру арқылы ынталандыру,  психологиялық жағынан колдау беру арқылы теріс ортаға бейімдеу, отбасындағы махаббаттың жетіспеушілігі  мен діни қызығушылығын пайдалану, психологиялық қысымда жүрген, психологиялық күйзелісте жүрген жастарға демеу болу секілді  бірқатар діни әрі психологиялық-әлеуметтік мәселелер тұр.
Бұл мәселені шешуде тек күш қолдану тәсілі тиімді нәтиже бермейді, сондықтан бұл мәселеге қарсы идеологиялық күрес жүргізіп, жастар бойында теріс бағыттағы идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру қажет.

Жастар бойындағы теріс бағыттағы идеологияға  қарсы иммунинет- діни ақпарат алуда ішкі рухани сүзгініңболуы. Интернет желісінде, әлеуметтік желілерде, жалпы діни ақпарат алуда сезімге бой бермей,  ақпараттың көзінің дұрыстығына  көз жеткізе білу.

Онымен қоса ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізбентарихи-мұраларымызды санасына сіңіру, дұрыс бағыттағы дәстүрлі діни тәрбие беру қажет.Діни тәрбие адам бойында ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік, т.б. сезімдерін оятады. Жастарға шынайы дәстүрлі діни тағылымдар беріп, олардың танымдық көкжиегін кеңейту керек. Адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану бүгінгі заманда оң нәтиже берері сөзсіз. Сонымен қатар, жастардың санасына діни өкілдерінен басқа адамдар да рухани бай бола алатынын сіңіру керек. Елімізде үлгі-өнеге алуға лайықты қаншама иманжүзді ғалымдар, дәрігерлер, ұстаздар, өнер қайраткерлері, әскери қызметкерлер, саясаткерлер бар. Оларды құрметтей және оларға еліктей отырып, жастарымыз көптеген өмірлік сауалдарына жауап тапқан болар еді.

Болашағын бағамдайтын мемлекет үшін жастарының санасы жоғары, сергек болуы аса маңызды.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдай адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуде.Ол үшін ұрпақ тәрбиесіне әрбір азамат жауапты екенін ұмытпау қажет. Бала тәрбиесіне екі дүниеде де ата-ана жауапты екенін есте сақтағанымыз абзал. Жастардың тәрбиесіне тек мемлекет жауапты деген жаңсақ пікірлерден арылу керектігін де айтқым келеді.

Бүгінгі жас, ертеңгі елдің тұтқасына айналып, елдің тізгінін ұстайтынын ұмытпауымыз қажет.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы
Нұржан Кундебай