Пітір садақаны kaspi.kz қосымшасы арқылы беруге болады

0
613

Құрметті мұсылман бауырлар!

Енді сіздер kaspi.kz қосымшасы арқылы пітір садақа бере аласыздар. Ол үшін смартфоныңыздағы kaspi.kz мобильді қосымшасын ашып, «Платежи» (төлемдер) бөліміне басыңыз. Осы жерден екі түрлі әдістің бірін қолдану арқылы төлем жасай аласыз.

1) Іздеу алаңына «Садақа» сөзін жазсаңыз, автоматты түрде «Пітір садақа» деген бөлім ашылады. Сол жерден өзіңіздің өңіріңізді таңдап, «Пітір садақа» төлем түрін басыңыз.
2) «Платежи» (төлемдер) дегенге кіріп «Все» (барлығы) дегенді басасыз. Содан кейін «Новые услуги» (жаңа қызметтер) бөліміне кіріп, «Пітір садақа» төлем түрін басыңыз.

Биылғы пітір садақа құны адам басына 370 теңге болып бекітілгенін қаперіңізге саламыз. «Сумма» деген жерге кемінде 370 теңге құнын енгізіңіз. Одан кейін «Выбор счет для оплаты» (төлем жасау шотыңызды) таңдап, пітір садақаңызды ешқайда шықпай ақ үйде отырып бере аласыз.

Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етсін!
Рамазан айы құтты болсын!