ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА БАРЫНША АТСАЛЫСТЫ

0
1128

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Ораза айт мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді күллі мұсылман үшін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Адамзатты рухани тазару мен мейірімділікке, сабырлыққа шақыратын Рамазан айында шымкенттіктер де қайырымдылық шараларына барынша атсалысты. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көңілдерін демеді. 

Әлемді мейірім шуақты етеді. Осындай ізгілікке толы Ораза айты мерекесінде отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

Десе де, қаламыздағы карантин жағдайына қарамастан Сovid 19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны азаймай тұр. Сондықтан, өзіңіз бен жақын туыстарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын ұстанып, биылғы Ораза айт мерекесін үйде өткізулеріңізді сұраймын, деп жазба қалдырды Инстаграм парақшасындағы құттықтауында қала әкімі.