Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі және аталған оқу орнында сәләфилік бағытта білім алатын қазақстандықтар қоғамға теріс діни ағымды таратуы жайында

0
2301

​Білім алу – қанша уақыттар өтсе де, өзінің өзіктілігін еш заманда жоғалтқан емес. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекетіміздің дамуына негізделіп қойылған талаптардың бірі – көпқырлы, озық сала мамандары мен білікті кадрларды дайындау еді. Қазіргі таңда жастарымыз «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген салалар бойынша білім алуда. 

​Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайды ескере отырып, шетелде діни білім алғысы келетін жастарға алдымен Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдаланып, содан кейін шетелде білімін жалғастырғандарын абзал деп ойлаймын. Мысалға, ақпан төңкерісіне дейін 1917 жылдарында қазақ ағартушылары – теолог Науан Хазіреті, ойшыл-философ Шәкәрім алғашқы діни білімдерін елімізде алып, кейінрек Бағдат қаласында толықтырған. Бұл жағдайда жастарымыздың теріс ағымдардың ықпалынан сақтау нәтижесі зор. Шетелде оқып келген теріс бағыттағы дін ұстанушылырдың қоғамға өз зияндарын тигізіп жатқан баршамызға белгілі. Дәстүрлі ислам дініне, сондай-ақ, қоғамның ұлттық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізіп, халқымыздың салт-санасына қараспай, қалың жұртшылық арасында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Ұлттық құндылықтарды жоққа шығару да солардың ұстанымы. Бір елдің ұлттық құндылығын жоққа шығару – сол елді бағыт-бағдарынан адастырудың басты шарты. Жүсіп Баласағұн бабамыздың «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім» деген ғажап сөзін ескерер болсақ, ата-бабалардың салт-дәстүріне «анау бидғат», «мынау ширк» деп қарсы тұру халқымыздың әдет-ғұрпымен қалыптасқан ұлттық тәрбиеден қол үздірудің бір тәсілі болып табылады. Бұл да бір орны толмас қасірет дер едік. Сәләфилік ағым өкілдері дінге жаңа бет бұрғандарға қазақ халқының әдет-ғұрпын мүмкіндігінше дінге кереғар етіп көрсету арқылы өз идеологияларын өткізеді. Сол арқылы өз жақтастарын көбейтеді. Нәтижесінде қазақты қазаққа қарсы қойып, елдің, ұлттың бүтіндігін бұзады. Біле білгенге, түсінгенге бұдан артық қасірет жоқ шығар деп пайымдаймын

​Еліміздің жастары қазіргі таңда діни білімді отандық діни оқу орындарында алған маңызды.Алғашқыда Қазақстанда теологиялық оқу орындары болмаған, сондықтан көптеген жастар діни білім іздеп шетелге кеткен. Қазір біздің елімізде медреселерден бастап докторантураға дейін сапалы діни білім алуға барлық жағдай жасалған, және ең бастысы,  отандық ғалымдар, теологтармен шектелмей, шетелдік ғалымдар да бар. Мысалы, Алматыда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде араб ғалымдары тафсир, ақида, фиқһ, хадис, дағуат т.б пәндерден сабақ береді. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік теологтар білім береді. Мемлекетіміз исламтанушы-магистранттар мен докторанттардың оқуы үшін 200-ден астам гранттар бөледі.

Ал, білімді Қазақстанда емес, шетелдегі оқу орындарында діни білім аламын деген кез-келген қазақстандық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы жолдама алуы тиіс. Рұқсат алмай, өз бетінше білімін жетілдіруге кеткен білім алушылардың деструктивті діни ағым жетегінде кетуіне ықтималдығы жоғары. Сондықтан, ел азаматтары өздерінің болашақ білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алғаны жөн. Осыған орай ҚР ақпарат және қоғамдық даму министерлігі Дін істері комитетінің арнайы шығарған 11 ережеден тұратын «ҚР шет елдерге оқуға кететін азаматтарына арналған дін мәселелері жөніндегі жадынамасымен» танысып шыққандары дұрыс. Егерде балаңыз шетелде діни білім алатын болса, онда ата-ана баласының қандай діни мекемеде немесе діни орталықта оқып жатқанын білуі керек.  Мүмкіндігінше жиі бақылауда ұстап,  балаларының ресми медреселер мен жоғары оқу орындары қабырғасында оқып жатқанын анықтағаны жөн. Сондай-ақ, белгісіз «хұжыралар» мен «марказдарға» (діни орталықтар) байқамай түсіп кетпеуін қадағалап отырған абзал. Дәстүрлі емес діни ағымдардың интернет арқылы арбауының кесірінен көпшілік жастар діни білім алуға шетелге кеткен. Шындығында, бастапқыда олар өздерінің өмірлік тәжірибесіздігі мен діни сауатсыздығынан жалған діннің құрбанына айналды. Ал, содан кейін олар жалған сенімнің білімі мен өз қағидаларын меңгерген соң, өздері терроризмен экстремизмге үгіттеушілердің жетекшісіне айналды. Егерде бұл жастарымыз алғашқы діни білімін Қазақстанда алса, олар керағар бағыттағы діни ұйымдардың арбауына түспес еді.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Pеспубликасының Дін істері басқармасы арасындағы келісім бойынша Түркиядағы «Хасекеи» университетінде 2013 жылдан бері қазақстандық жастар діни білім алуда. Қазіргі кезде «Хасеки» университетінде 43 студент діни білім алуда. Ал, «Әл-Азһар» университеті 2019 – 2020 оқу жылына бөлген 32 грантқа Нұр-Мүбарак университетінен және медреселерден 32 студент қабылданған. Бүгінде «Әл-Азһар» университетінде 80-нен астам қазақстандық студент оқиды.

Қорыта айтқанда Қазақстанда базалық жоғары білім алмаған азаматтарды шетелге шығармағаны дұрыс деп ойлаймын. Шет елдердің діни оқу орындарында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және мемлекетаралық келісім негізінде болса магистратура және доктарантура оқығаны дұрыс.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Шахобов Саъдинхужа