Сапалы діни білім – «Нұр-Мүбарак» университетінде

0
3625

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде дінге бет бұрған жастардың саны артты.Егемендікпен бірге халық жетпіс жыл бойы жоғалтқан дінін, тілін, ділін қайта қолға алды. Дәл сол кезеңдерде шетелде діни білім алуғақұштарлық танытқан жастардың да қатары артқаныжасырын емес. Өйткені ол жылдары елімізде сапалы білім, саналы тәрбие беретін діни оқу орындары болмады. Сол себепті діни сауатын ашуға құмбыл болған қазақ жастары діни білім алу үшін қиырдағы шет мемлекеттерге баруға мәжбүр болды. Ал, бүгінгі таңда шет мемлекеттерде діни білім алу өзекті мәселеге айналды. Себебі өзге мемлекеттерде оқып келген жастардың діни сауаттылығы жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігі мен салт-дәстүріне қабыспай,түсініспеушіліктер орын алды. Діни сауаттылық сол халықтың ұлттық ерекшелігі, наным-сеніміжәне салт-дәстүрімен ұштасып, біте қайнасуы маңызды.

Дін саласы нәзік те күрделі сала. Шетелдің діни оқу орынына жіберген ата-ана  баласының қай жерде, кімдерден, қандай діни әдебиеттерден сусындап жатқанын дөп басып айта алмайды. Солжастардың біразы шетелдерден діни білім алып, дүниетанымы өзгеріп келді. Тіпті араб елдеріне білім алу мақсатымен барған жастардың ой санасы арбалып, экстремистік, террористік топтардың  қатарын толықтырғаны жасырын емес. Олардың арасында қазақ жастары да алданып түсіп қалғаны белгілі. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Білім ордасы 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензиясына ие болып, еліміздің дін саласына қажетті мамандарды даярлап келеді. 2011 жылы оқу орнында «исламтану», «дінтану» мамандығынамемлекеттік гранттар бөліне бастады. Осылайша, еліміздегі бірден-бір университет бастапқы 10 жылда 500-ден астам исламтанушы, дінтанушы, тіл мамандары, оның 300-ден астамы жоғары білімді имамдар даярлаған университет бүгінде жыл сайын екі жүзден аса мамандар даярлауға қол жеткізіп отыр. Ал 2008 жылдан бастап университеттегі барлық мамандықтарға магистратура, 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен докторантура ашылды. Сонымен қатар Түркия, Малайзия, Ресейдің белді университеттерінен доктарантура тәлімгерлеріне білікті, білімді ғалымдар келіп, қосымша дәріс оқыды. Каир университетінің профессорлары жыл сайын арнайы шақырылып,магистр-докторанттарға лекция өткізеді. Осыдан-ақ елімізде білікті дін саласының мамандарын даярлайтын оқу орыны қалыптасты деп толықсеніммен айтуға болады. Ендігі жерде діни білім іздеп,  шетел асудың қажеттілігі жоқ. Өйткені әлем елдерінің дін ғұламаларын шоғырландырған Мысырдың әл-Миния, Каир, Александрия, Айн-Шамс және Әл-Әзхар университеттерінің біліктіұстаздары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы келіп, лекция оқып, тәлімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, білікті дін маманы болып шығуына ат салысып жатыр.

Ал, енді өзіңіз ойлап көріңізші, осыншама мүмкіншіліктен кейін діни сауаттылықты арттыру үшін шетел асудың қажеттілігі бар ма? Әрине, жоқ. Діни оқу орынында білім алған жастардың бітірген соң тек қана мешіт-медреселерде имам, молда, азаншы болып жұмыс істейді деген түсінік қалыптасқан. Қазіргі таңда бұл қасаң қағида толықтай жойылды десек те болады. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде, әр салада жемісті еңбек етуде.Атап айтар болсақ облыстық, қалалық әкімшіліктің дін істері жәнеішкі саясат басқармаларында, осы басқармаларға қарасты дін мәселелерін зерттеу орталықтарында, жастар ресурстық орталықтарында, құқық қорғау органдарында, түзеу мекемелерінде, дін саласынан бөлек исламдық қаржы секторларында, еліміздің экономикасының гүлденуіне өз үлестерін қосуда.

Діни оқу орынында сапалы білім алғыңызкелсе, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін таңдаңыз жас түлек!

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Омарбаев Бектұрсын