Ғаламтордың пайдасы мен залалы

0
466

Ғаламтор – бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние.      ХХІ ғасыр ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат таратушы құралдардың ең кең тараған түрі. Әлемде ғаламторды қоладанбайтын адам жоқтың қасы, бүгінде ғаламтор кеңістігін 90 пайызға жуық адамдар пайданалады. Оның қызметі мен мазмұны күн сайын жаңарып, толығып келеді. Осы тұрғыда Ыбырай Алтынсарыұлының мына бір керемет сөзін тілге тиек етсек артықтық етпеес, «Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып — жұмғанша, Жылдам хабар алғызды», яғни қас пен көздің арасында жылдам хабар алғызып, түсінбеген сөздің анықтамасын табуға да көмектесетін, тіпті аудармашының рөлін де атқаруға мүмкіндігі зорекендігін аңғаруға болады. Сондай-ақ, төрткүл әлемде болып жатқан жаңалықты әп-сәтте тамашалай алуға, сан алуан саланың қызметі мен көмегіне жүгінуге де болатын, оның ғажайып байланыс құралы екеніне дауымыз жоқ. Бүгінде ғаламтор, әлеуметтік желі үйдегі ас тұзы секілді. Күнделікті қолданыста. Алайда, осы ғаламторды мөлшерден тыс қолдансаң, денсаулыққа зиян. Екеуінің бір ғана айырмашылығы — ас тұзын қолдану есебі мен ережесі, мәдениеті қалыптасқан. Ал әлеуметтік желілерді қолдануда бізде есеп те, ереже де жоқ. Бұл ғылымның жетістігі десек те, адамзатқа оның пайдасы да, тигізер кері әсері де бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Ғаламтор уақыт санап адам өміріне жақсы, әрі оң өзгеріс әкелумен қатар, зиянын да тигізуде. Өйткені ғаламторға тәуелділік қоғам арасында өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің шекарасын басып алмай-ақ, халықтың ақпарат көзіне, сол елдің кемшілік тұстарын зерттеп, түрлі айла-тәсілдерді пайдалана отырып, ой-өрісі мен ой-санасын тарылтып, құлдық сана, елдің ішін іштей ыдыратып, құлатуға ғаламторды пайдалану да қоғам шындығы. Осындай жәйттердіескере отырып, ғаламтордың тиімділігі мен тиімсіз жағын саралап шығуды жөн көрдік. Барлығымызға белгілі ғаламтордың тұрақты қолданушылары,әрине ол-жастар. Өскелең жас ұрпақ қашанда қоғамдағы орын алған жаңашылдыққа бейім, әрі бірінші болып қадам басып жататынын да көріп жатырмыз. Оған бірден бір себеп, күнделікті өмірде әлеуметтік желілерді тұрақты қолдана отырып емін-еркін  жеке аккаунттар ашып, кез-келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Алайда, әлеуметтік желіні қолданушы адамдар, желіден келетін қауіп-қатерлердің байыбына бара бермейді. Осы тұста жастардың ғаламторды дұрыс пайдаланбауыныңсебеп-салдарын бірі білсе, бірі білмей әлеуметтік желінің тұсауына түсіп жатады.

Бүгінгі таңда халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіл әлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге психикалық және физикалық жағынан ерекше зиянды екенін дәлелдеп отыр. Әлеуметтік желілерде сағаттап, көз алмай үнемі отыру, ең алдымен көру қабілетінің төмендеуіне себеп болса, компьютер немесе смартфонды көп қолдану ми қызметіне де кері әсер етеді және гормоналдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитеттің нашарлауына алып келетіндігін мәлімдеді. Ал, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді. Жүйкенің бұзылуы, адам организімінің қалыпты қызмет атқармауы, салмақ түсіру,сонымен қатар ойлау қабілеттің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуына әкеп соқтырады.

Ғаламторды пайдалы жұмыстарға емес, тек бос уақытты тиімсіз өткізу үшін қолданар болсақ, онда оның өз денсаулығымызға төндіретін қаупін бір сәтболса да жадымыздан шығармаған жөн. Әлемдік ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда дін атын жамылған кереғар діни ағымдар мен экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды насихаттайтын сайттардың күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп, қарқынды қызмет атқарып жатқандығын аңғарамыз. Ал, ондай сайттардың болашақ жастарымыздың ой-санасын бұғаттап, дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа итермелемесіне кім кепіл?

Енді ғана үлкендерге қарап бой түзеп, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, ғаламтордың тағы бір зияны,түрлі құмар ойындарының, зиянды бағдарламалардың көптігі болып отыр. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас жасауға шақырып, виртуалды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған жеткіншектерді еліктіруде. Көптеген жастардың таным-түсінігі әлі де болса ғаламтордың пайдалы жағын меңгеруді емес, керісінше, оның өздері түсініп болмайтын шырмауық әлеміне тереңірек үңілуге әуес. Сондықтан, бүгінгі таңда «ғаламтор-тәуелділік» – бұл жаңа ғасырдың жаңа ауруы деп дабыл қағу да жай сөз емес. Ал, елімізде ғаламтор қолданушылар саны күн санап көбеюде. Осы орайда, виртуалды әлемді шынайы әлемнен жоғары қойып, отбасымен айналасындағы құрбы-құрдас, дос-жарандарынұмытып жататындар да кездеседі. 

Сөзімізді қорыта келе, егер сіз, ғаламтордан қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, алдымен бұл ақпараттың қаншалықты рас, өтірігіне мән бергеніңіз және сайттың сенімділігіне көз жеткізгеніңіз жөн. Оқылған ақпараттарды бірден көңілге тоқымаңыз.

Бүгінгі технология қарыштап дамыған заманда, ғаламтордың кереметтері күн сайын адамзатты таңғалдыруда. Дегенмен, ұрпақ болашағын ойлаған әрбір ұлт жанашыры оның өз ортасына, өз баласының өміріне тигізер кері зардаптарын ескеруі қажет. Ендеше, ғаламторды шектен тыс қолданып, оған тәуелді болудан сақ болайық!

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Қуандық Гүлбану