«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

0
2927

Бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлем халықта­рының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі «діни экстремизм және терроризм» болып отыр. Сондықтан да, діни экстремизм әлемдік проб­лема болғандықтан, онымен күресу үшін оны үнемі бақылау мен зерттеулерді қажет етеді. Аталған мәселе біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Соңғы онжылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Еліміздің тыныштығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» мерзімді даму стратегиясының
7 басымдылығының алғашқы екеуіне тікелей байланысты фактор болып табылады.

Экстремизм (латын тілінен – езіп жаншу) қоғамдық нормалар мен мемлекеттік ережелерге қатысты радикалды түрде терістеу арқылы әрекет жасайтын топтар немесе жеке тұлғалардың теріс пиғылды ісі. Саясатта ең төменгі көзқарастарды көрсететін категория. Саясат, сонымен бірге басқа топтарға, жіктерге, жеке саясаткерлерге, қауымдастықтарға, билік құрыламдарына және мемлекетке күш қолдану іс-әрекет қарым-қатынасына құрылған. Жалпы көрінісі бойынша қоғамдағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды радикалды түрде жоққа шығарып, соңғы көзқарас пен іс-әрекетке жақын тұрғандығымен сипатталады. Осыдан, этникалык экстремизм, саяси экстремизм, діни экстремизм деген түсініктер пайда болады. Экстремизм субъектілері болып, қоғамдық ұлттық, діни, саяси партиялар мен қозғалыстар, жеке тұлғалар, топтар тіпті мемлекет саналады.

Діни негіздегі экстремизм – бұл діни соңғы іс-әрекет пен көзқарасқа жақын тұратындығы. Діни экстремизм – діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа, мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттің тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Діни экстремизм – бұл діннің шеткі көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы. Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды. Діни экстремизм – бұл діни ықпалдастырылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.

Қазір біздің қоғамымызда діни экстремизм мәселесі өткір болып тұр. Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда пайда болып, өз істерін атқарумен көзге түсті. Осыған орай ҚР-ның 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс- қимыл» туралы №31 Заңы қабылданды.

Кеңес одағы кезінде атеистік ұстаным болатын. Ол кездері қоғамда діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал, қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі. Бұлардың барлығы батыстан шығып жатқан құйтырқы саяси әрекет екеніне күмән келтірмейміз. Елбасының мына ұсыныстарын, бірлесе отырып шешу, күш жұмылдыру қажет.

•Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек.

•Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет.

•Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.

•Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалануымыз керек. Осы әңгімелесу алаңының базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз қажет.

•Біз діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы қақтығыс аймақтар Таяу Шығыс аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде мемлекетаралық достық қарым-қатынас жасауға дайын болуымыз керек.

Шымкент қаласы
дін істері басқармасының
бас маманы
Заманханов Бауыржан