Шымкент: Шәкірттер білім жарысына қатысты

0
328

Шымкенттегі Абдул Хамид Қаттани мешітінде «Әр аптада бір шара» жобасы аясында діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында офлайн және онлайн түріндегі сайыс өтті.

Алдымен Абдул Хамид Қаттани мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек шараның маңыздылығына тоқталып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Жарысқа қатысушылар «Ақида», «40 парыз» және «Сияр» пәндері бойынша сұрақ-жауап түрінде сайысқа түсті. Нәтижесінде Дүйсехан Нұрберді – жүлделі бірінші орынға, Мұхаммеджан Зеберхан – екінші орынға, ал Бекасыл Ергешбаев үшінші орынға ие болды.

Діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында өткізілген жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына сый-сияпаттар мен алғысхаттар табысталды.