ШЫМКЕНТ: «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинары басталды

0
142

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Имам Матуридидің өмірі мен шығармашылығына орай «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинар өз жұмысын бастады.
Семинар жұмысын ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырады.
Аймақтық семинарға арнайы Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Әлішерұлы, ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев пен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлын арнайы баяндама оқып, тәжірибесімен бөліседі.
Негізгі мақсат — абақтыдағы және бостандықта жүрген жат ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесулер өткізу және жергілікті ақпарттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері мен Діни оңалту тобының мүшелерімен тәжірибе кеңесін өткізу көзделуде.