Шымкент: Мешіттерге имамдар тағайындалды

0
192

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен бірқатар мешіт имамдары жаңа қызметке тағайындалды.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұсынымен Шымкент қаласы, Абай ауданы «Темірші ата» мешітіне бас имам болып тәжірибелі маман, қари Ербол Қалшабек тағайындалса, осы ауданға қарасты «Бибісара ана» мешітіне бас имам қызметіне ауылдық, аудандық мешіттерде қызмет атқарған тәжірибелі һәм білікті маман Байболов Кәрім Жетпісбайұлы тағайындалды.

Ресми таныстыру жұмысына Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш қатысып, мешіт ұжымына мен жамағатына таныстырды.