Экстремистік мазмұндағы видео таратқан тұрғын анықталды

0
899

Әлеуметтік желідегі парақшасына тыйым салынған мазмұндағы дәрісті жариялаған елорда тұрғыны 55 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшасында діни мазмұндағы видео және аудио дәрісті орналастырған 37 жастағы әйелді анықтады. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сараптамасы бойынша дәрістер Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған лаңкестік мазмұндағы материалдар болып танылған», — деп жазылған хабарламада.

Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 453-бабы («Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін, және өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, кіргізу, тасымалдау, тарату») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

KAZISLAM