Зайырлылық принцптерін қалыптастыру негіздері мен тетіктері

0
1190

Дін қоғамды гүлдендіруде, адами қарым-қатынастарды реттеуде бейбітшілікке үндеуде, басқа да мәселелерде негізгі идеологиялық құралдардың бірі. Әрбір мемлекет дінмен қарым-қатынас орнатудың тиімді моделін құруға мүдделі. Мәселен бірқатар ел өздерінің қоғамында берік орныққан дәстүрлі дінінің мәртебесін конституцияларында атап көрсеткен. Қазақстан Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған. Яғни еліміз үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылықтар. Қазақстандағы зайырлылық мемлекеттік биліктітің діннен бөлінгендігі мемлекеттің конституциялық және құқықтық сипаты ретінде қарастырылады.

Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде тұлғаның мемлекет пен дін ұйымдардың арасындағы мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Басқарудың зайырлы формасында діндарлар мен діни бірлестіктер тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзу, азаматтардың, ұйымдар мен жалпы қоғамның заңды мүдделеріне зардап тигізу орын алған жағдайда мемлекеттің құқықтық шараларды қолдана алатыны талас тудырмайды. Сондықтан дін ұстану құқығын іске асыру жалпы адамзаттық құқықты және азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттілігін шектемеуі тиіс.

Еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаттұрғысынан зайырлылық:• мемлекет пен діни бірлестіктербірін бірініңістеріне араласпау;• мемлекеттік институттар барлық діндергебейтараптықпен қарау;• мемлекеттік немесе жалпыға міндетті дінніңболмауы;• ғылым мен білімнің дінен тәуелсіздігі;• дінге сену не сенбеуде ар-ождан бостандығын сақтау арқылы көрініс табады:

Зайырлылық дінге қарсы емес. Зайырлы мемлекетте барлық діни  қарым қатынастар құқық арқылы, мемлекеттің заңдары арқылы реттеліп отырады. Зайырлылық ұғымы дін мен мемлекет бір біріне толық ажыраған мүлдем байланыспайды деген ұғымды білдірмейді. Мемлекеттің саясаты діннен бөлінгенмен тұрмыс тіршілігі діннен ажырамайды. Өйткені дін тек сенім мәселесіне емес, мораль мәселесіне де  тікелей қатысты. Дін адамзат тарихында жасалған барша рухани  құндылықтарды жинақтаушы ұғым.

Зайырлылқты біз тек қана саяси құқықтық принцп тұрғысынан қарастырмаймыз. Зайырлылықты біз дүние танымдық мәдени аспектілерінде қарастыруымыз керек. Мысалы қоғам болғаннан кейін пікір алуандылығы болуы ол заңды құбылыс біреу дінді немесе дінге негізделген құндылықтарды қалайды және ұстанады, ал бұл жерде дін адамның басқаша ойлауына, басқа ұстанымдарда болуына мәжбүрлеуге немесе оларға кедергі келтірмеуі керек.

Зайырлықтың негізгі принциптерінің бірі -толеранттылық ұғымы. Толеранттылық ұғымыныңтілдік мағынасы – төзімділік, шыдамдылық. Ал терминдік мағынасы өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толерантты адам агрессияға жол бермейді, қарым-қатынасқа деген көзқарасты өзгерту толеранттық арқылы жүзеге асады, толерантты адам басқа адамның көзқарасымен санасады.

Айтып отырған төзімділік ұғымы қазақ даласында ежелден бар құндылық. «Төзімділік» ұғымының мәні қазақ тілінде өте терең: ол шыдамдылық, байсалдылық, ізгілік, келісім деген мағынаны білдіреді. Өзара төзімділік, шыдамдылық принципі басқалардың діни сеніміне қаншалықты төзімділікпен қарау ғана емес, сонымен бірге соншалықты деңгейде құрметпен қарау, бөтен діндерді шеттетпеу дегенді білдіред. 

Қортындылай келе түсінетініміз, зайырлылық бұл қазақ дәстүрінде және, дәстүрлі діндерде бар ұғым. Ол діндерді бір біріне немесе дінді дәстүрден бөліп жармай, керісінше бірін біріне үлкен құрметпен қарауды үйретеді.Дін – күллі адамзатқа ортақ құндылықтардың бірі. Дін – рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтың, сабырлықтың, төзімділіктің, барша жақсылық атаулының бастау жолы. Дәстүр – әр ұлттың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым қоғамда қалыптасқан мінес құлықтың үлгілері. Осы екі асыл құндылықты бірге ұштастырып өзге нанымдарға зайырлы көзқараста болсақ біздің тыныштығымыз бұзылмайды.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жер жақанды рухани келісім туының астына топтауды жүзеге асыруда. Қазақ елі 1992 жылы Алматы қаласында рухани келісімнің бірінші бүкіл әлемдік конгресін шақырса 2003 жылдан бастап үш жыл сайын елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастырып келеді. Шартараптан жиылған өркениет өкілдері дінаралық сұқбат құрып байыпты байламдар жасады. Жер бетіндегі әрқилы өркениет өкілдері бір-бірімен жақын араласса бір-бірінің дүние танымымен санасса ғаламда бейбітшілік бәйтерегі көктей түсері анық.

Ол үшін біз әр түрлі діни конфессиялар арасындағы бірлікті өз деңгейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық ынтымақ-бірлік болмайды. Дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағымдар таралып жатқан бүгінгі кезде, дінаралық татулықты мейлінше сақтау біздің басты мақсатымыз екені ұмытпауымыз керек.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  КММ маманы Айнабек Ерболат