Содырлар мектепке шабуыл жасады

0
73

Қаруланған содырлар тобы Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы мектепке шабуыл жасады, деп хабарлайды REGNUM АА жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарулы адамдар Зария қаласындағы политехникалық колледж ғимаратына баса көктеп кірген деп хабарланды. Олар аспанға оқ атып, оқушылар мен мұғалімдерді қорқытқан. Олар мұғалімдердің бірін ұстап алып, белгісіз бағытта алып кеткен. Шабуыл салдарынан екі бала жарақат алып, ауруханаға түсті.

Бұған дейін REGNUM АА хабарлағандай, 13 қарашада Нигерия әскери күштері «Боко Харам» (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестер тобын жойды. Нигерия авиациясы содырлар лагеріне зымырандық шабуылдар жасағаны атап өтілді.