Үкіметтік емес ұйымдарға үлкен сенім артылады

0
877

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласының өңірлік Азаматтық форумының ашылуында сөз сөйледі. Министр мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының жаңа тәсілдері туралы айтты.

Азаматтық форумның пленарлық бөліміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, «Алматы қаласының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

«Кез келген мемлекет әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде сенімді серіктестікті талап етеді. Бұл тұрғыда қоғамның түрлі салаларының проблемаларын білетін ҮЕҰ-ға үлкен сенім артылады. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі біз үшін әрқашан маңызды», – деп атап өтті министр Аида Балаева.