Өзара түсіністік пен сыйластық негізінде

0
2112

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан аса этнос өкілдері мен конфессиялар күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті, жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды және қазақ халқын қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды. Ең бастысы – өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Тәуелсіз елімізде барша қазақстан­дық­тарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалауда тарих, мәдениет, дін және тілдің атқарған рөлі орасан зор болғанын бәріміз мойындаймыз.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылдың 20 маусымында № 500 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын» бекіткен болатын.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Ел Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.

Жалпыға ортақ әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтардың құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету мақсатына толығымен қол жеткізе алды деп сеніммен айта аламыз.

Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардың жалпыұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге айқын танытып келеді.

Осы мақсатта қазіргі кезде Шымкент қаласы бойынша 4 аудандық ақпараттық-түсіндірме топтар (АТТ),  олардың құрамында 60-қа жуық топшалар жұмыс жүргізуде.

Олардың қатарына мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, дінтанушы, теолог мамандар, дәстүрлі діндер өкілдері, жергілікті маслихат депутаттары, ардагерлер, билер, зиялы қауым өкілдері, белгілі спортшылар, жастар барлығы 500-ге жуық адам енгізілген.

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндірме топтар өз жұмысын негізгі 5 бағытта: ауыл округтер мен елді мекен тұрғындары; мекеме қызметкерлері; жоғары оқу орындары; орта арнаулы оқу орындары; мектеп оқушылары арасында жүзеге асыруда.

Арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес қала, аудандардағы ақпараттық-түсіндірме топтар  үшін бір жылға арналған типтік тақырыптық бағдарлама, соған сәйкес қажетті әдебиеттер мен басқа да аудио, бейнематериалдар дайындалып, кездесулер барысында қамтамасыз етілді. Қала бойынша арнайы 50-ге жуық оқыту-семинарлар өткізілді. Нәтижесінде ақпараттық-түсіндірме топтар мүшелерінің халықпен өткізетін кездесулерінің тиімділігі,  нәтижелілігі арттырылды.

Бүгінгі жағдайда ақпараттық-түсіндірме топтар жұмысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан берілген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жаңа бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстардың өзекті бағыты – қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары жастары мен мектеп оқушылары арасындағы жұмыс болып отыр.

Қала, аудандық  ақпараттық-түсіндірме топтары тарапынан бұл ортада кездесулер өткізуде. Алайда, бүгінгі эпидемиялық қатерлі жағдайға байланысты оқу орындарындағы жастардың барлығын бірдей толыққанды қамтуға мүмкіндік болмай отырғаны анық.

Сондықтан Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірқатар пәрменді жұмыстарды қолға алып отыр. Атап айтқанда, Шымкент қаласының жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептер жастары арасында дін саласына қатысты атқарылатын жұмыстардың нақты жүйесін қалыптастыру мақсатында арнайы нұсқаулық дайындалып, қала әкімінің орынбасары тарапынан бекітілді. Нұсқаулықта әрбір оқу орнында атқарылуға тиіс жұмыстар нақты көрсетілді. Нәтижесінде:қаладағы    жоғары, орта арнаулы орта оқу орындары менмектептерде арнайы орталықтар және олардың жанынан ақпараттық-түсіндірме топтары құрылып, жұмыс жүргізуде.

Орталықтардың 1 жылға арналған жұмыс жоспарлары және ақпараттық-түсіндірме топтары кездесулерінің желілік кестелері жасалынып, бекітілді.

Бекітілген кестеге сәйкес жыл басынан бері жалпы білім беретін мектеп қабырғаларында 96 кездесу өткізілді,қамтылғандар саны 8095. Арнаулы орта оқу орындарында 16 кездесу өткізілсе,қамтылғандар саны 1532. Жоғарғы оқу орындарында 5 кездесу өткізілді,қамтылғандар саны 640. Мекемелерде өткізілген кездесулер саны 12, қамтылғандар саны 558. Әскери бөлімдерде өткізілген кездесулер саны 3, қамтылғандар саны 267. Қала аумағында орналасқан ҚМДБ-на қарасты мешіттерде өткізілген кездесулер саны 23, қамтылғандар саны 18180.

Қала аумағындағы базарлар мен сауда орындарындағы кездесулер саны 17, қамтылғандар саны 2148.

Қала аумағында орналасқан елдімекендер мен тұрғыналабтарда өткізілген ауыл-тұрғындарының кездесулер саны 9, қамтылғандар саны 815 адамды құрайды.

«Жусан» гуманитарлық операциясы бойынша елге оралған азаматшалармен өткізілген кездесулер саны, жалпы кездесулер 2, қамтылғандар саны 9.

«COVID 19» пандемиясы жариялануына байланысты, елімізде төтенше уақыты енгізілгеннен бастап, қазіргі уақытқа дейін «Facebook», «Instagram» желілерінде тікелей эфирлер арқылы 28 хабар мен 9 теле бағдарламалар, 2 радио сұхбат өткізілді.

Жыл басынан бері, қазіргі күнге дейін 219 кездесу өткізілген, қамтылғандар саны 32 226 адамды құрады.

Жоспарлы түрде  практикалық көмектер, семинарлар өткізіліп, оқу орындарындағы жұмыстар жүйеге келтірілді.

Ақпараттық-түсіндірме топтары тарапынан өткізілген кездесулер БАҚ құралдарында кеңінен  насихатталуда.

Қорыта айтқанда, сан алуан ұлт және конфессия өкілдері мекен ететін біздің еліміз олардың тығыз өзара әрекеттесуінің мол тәжірибесіне ие және өркениеттер мен конфессиялардың жемісті сұхбатының мекені болу атағына бірден бір лайықты ел.

Біз қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, ағайын арасындағы сыйластықты, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін көздің қарашығындай сақтауды балаларымыздың балаларына аманат етіп қалдыруға тиіспіз. 

Аружан АТЫМТАЕВА,
Шымкент қалалық дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ директорының міндетін уақытша атқарушы