Дінтану сараптамасы туралы семинар өтті

0
1038

ҚР АҚДМ Дін істері комитеті және Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының ұйымдастыруымен «Дінтану сараптамасы: интернет кеңістігіндегі өзекті проблемалар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері заң бұзушылықтардың алдын алу және осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың оң нәтижелерін жеткізді.
Интернет кеңістігіндегі теріс бағыттағы діни материалдардың алдын алу және оны ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ мониторинг жүргізу, дінтану сараптамасына жолдау, нәтижесі, бұғаттаудың жолдары және т.б. өзекті проблемалар бойынша түсіндірмелер берілді.

Жалпы семинар барысында қатысушылар интернет кеңістігіндегі діни материалдар туралы және заң бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жолын кесу бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.