Қазақстан Республикасының айтулы мереке күндері

0
2941

Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиып ұлттық болмысымыз оянып, санамызға сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, тіліміздің, дініміздің жоғалтып алған өмірлік нышандарын жаңғыртып, жандануда. Халықтық нәрсенің бәрі де жермен, елмен, халықпен бірге біте қайнасып, бірге жасайтынына оны ешбір қатал қысым да, заң да, зорлық та өшіре  алмайды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер — мына күндері атап өтіледі:

1-2 қаңтар — Жаңа жыл;
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз — Наурыз мейрамы;
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр — Отан қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні;
6 шілде — Астана күні;
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.     
16-17 желтоқсан   Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні.

Кәсіби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.      

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

Бұлардың ішіндегі діни мерекелерге тоқталсақ;

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. Рухани өміріндегі тарихи рөлін ескеріліп дәстүрлі исламның Құрбан айт мерекесі мен православиелік христиандықтың Рождество мереке айтулы мереке күндері негізінде демалыс күндеріне жатады.      

Халықтардың ынтымақтастығын күшейтіп, діни тұрақтылығы мен бірлігін сақтауда бұл мерекелердің маңыздылығы зор. Бұлардың бәріне ортақ сипат – таныс, бейтаныс көпшіліктің ортақ қуанышы думанды шаттық ретінде атап өтілетіні.   Бұл мерекелердің қазақ тұрмысындағы алатын рөлі зор. Оның бірі халық көкейіне имандылықтың негізін қалыптасырса, енді бірі халықтық салт-сана мен дәстүрді ұмытпауға, ал енді бірі тәуелсіз ел ретінде басын тік көтеріп, болашақ ұрпағы алында өзін көрсетуіне мол мүмкіндік береді. Сол себепті де халқымыздың, ұлттық мейрамдарына қажетті деңгейде мән беріп, оларды қажетті деңгейде атап өтіп, ұлтымен бірге қуану әр бір қазақ азаматының борышы екендігін есімізден шығармауымыз қажет.  

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы
Тыныштық Байманова