Қазақстандағы зайырлықық принциптері

0
1937

«Зайырлы» сөзі араб тіліндегі «Заһирун» сөзімен байланысты, «анық, айқын, ашық, сыртқы» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі күндегі зайырлы сөзінің түсініктемесі ретінде  батыстың «лаицизм», «секуляризм» сөздерінің мағынасы қолданыс ретінде пайдаланылады. «Лаицизм» француз тілінде «дін емес адам», латын тілінде «діни адамнан өзге халық» деген мағынаны береді. «Секуляризм» лаицизм сөзінің ағылшын тіліндегі қолданысы болып табылады. Ағылшын тілінде  «дін және мемлекет істерін бір-бірінен алшақ ұстау» деген мағынаны білдіреді. Кейбір діндар азаматтар зайырлылықты атеизммен байланыстырып жүр. Шын мәнісінде зайырлылық дін немесе идеология емес. Зайырлылық деген ол ұстаным ғана. Яғни діни сенімге қайшы іс-әрекет емес. Барлық дінге құрметпен қарауға шақырады. Қазақстан Республикасының заңында дін мемлекеттен бөлек деп көрсетілген. Мемлекеттің ісіне діни конфессиялар араласпайды, діннің ісіне мемлекет араласпайды. Бірақ, мемлекет реттеушілік құқығына ие. Мемлекет өзінің тұтастығына қауіп төндіретін дүниелерден сақтануды қамтамасыз етеді.

Зайырлылық ұғымы батыс еліндерінде пайда болған. Оған себеп батыс елдерінде шіркеу қызметкерлерінің беделі жоғары болған. Елдің дамуына шіркеу қызметкерлері кедергі жасаған. Дүниелік білімдерді алуға тиым салынған. Содан да, батыс елдері дамудан қалған. Кейіннен барып батыстың көсемдері зайырлылық ұғымын қоғам арасында көп дәріптеп мемлекеттік заң ретінде қабылданудың нәтижесінде батыс елдері ғылым-білімде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Шіркеудің үстемдігі мен билігінде болмай-ақ, әр адам Құдаймен байланыс жасауына болады деген халықтың арасында түсінік қалыптастырды.  

Тарихқа үңілсек Ислам дінінде бөлек түсінік болған. Мешіт қызметкерлерінің шіркеу қызметкерлері сияқты арнайы статусы болмаған. Діни рәсімдерді орындау үшін мешіт қызметкері болу керек деген түсінік жоқ. Сондай-ақ, Ислам діні болмысынан зайырлы дін, ешбір дінді кемсітпейді, дінде зорлық жоқ деген ұстанымда. Ғылым-білімге тыйым салмайды, керісінше білім алудың артықшылығы жайлы көптеген хадистер айтылған.

Қазіргі күнде ислам дінінің атын жамылған өзінің саяси  мақсатына қол жеткізу үшін дінді идеология ретінде қолданып жатқан топтардың саны артып келеді. Ислам дінінің  заңдылықтарына бір жақтама қарап, орта ғасырдағы батыс елдеріндегі сияқты болуға шақырап жатыр. Еліміз Конституциясында осы сияқты мәселерді ескере отырып «Қазақстан Республикасы өзін демакратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Әр ел өзінің тарихы, мәдениеті, салт-санасына байланысты өзіндік даму жолы болады. Соған сай заңдар қабылданады. Бір дінге басымдық беру басқа дін өкілдерінің наразылығын тудырады. Бұл нәрсе елдің тұтастығына, ауыз біршілігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сол себепеті Қазақстанда ешбір дінге басымдық бермейді.

Елде дінді ұстану мен бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды. Дүние жүзінде мемлекеттердің үш түрі бар -теократиялық, атеистік және зайырлы мемлекеттер.

Теократиялық мемлекеттің негізгі белгілері: 1. Діннің азаматтардың барлығына бірдей міндетті болуы. 2. Діни ұйымдардың мемлекеттің саяси жүйесін басқаруда ерекше орын алуы. 3. Діни зиялылар тобы мемлекеттің көшбасшылары болып табылады, мемлекеттік билік органдарын басқарады, саяси мемлекеттік өкілеттіліктері бар. 4. Діни бірлестіктер мемлекеттен шеттетілмеген. 5. Діни ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне қатысуға құқығы бар, оның қызметіне тікелей ықпалын тигізе алады.

Атеистік мемлекеттің белгілері: 1. Діни сенімдерді жоққа шығару. 2. Діни ұйымдарға ресми тыйым салу. 3. Діни әдет-ғұрыптардың орындалуын шектеу. 4. Діни адамдардың саяси билікке қатыстырылмауы. 5. Білім беру, тәрбие саласы атеистік негізде болуын мемлекеттік қадағалау.

Зайырлы мемлекеттің белгілері: 1. Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі.
2. Діннің саясаттан ажыралуы. 3. Дін әр азаматтың жеке ісі болып есептеледі.
4. Мемлекеттік білім-беру жүйесі мен тәлім-тәрбие беру зайырлы сипатта.
5. Діни наным-сенімнің көксейтіні – адамның жеке өмірінің бостандығы.

Жоғарыда айтылған мемлекеттік басқару жүйелерін зерттеп, зерделеп, талдай отырып Қазақстан өзінің саяси жағдайына байланысты қоғамға қай бағытты ұстанған абзал екендігін ескере отырып мемлекет зайырлылық принциптері негізінде басқарылуы керек деген шешімге келген. Сол арқылы қазіргі күнге дейін елімізде діни алауыздықтар болған емес. Бүкіл әлемге үлгі боларлықтай дәрежеге жеттік. Әр үш жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі болады. Бұл дегеніміз, Қазақстан басқа елдерге дін саясатында өнеге болып жүргендігінің белгісі. Сол себепті бір ұғымды дұрыс емес деуден бұрын ол жайлы білімге ие болу керек және сол жолда зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Айдос Оралбаев
ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы