ШЫМКЕНТ: Желтоқсан құрбандарына Құран бағышталды (ФОТО)

0
54

Бүгін, Тәуелсіздік мерекесі күні ҚМДБ-ның Шымкент  орталық мешітінің ұйытқы болуымен қала бойынша 1986 жылы  желтоқсан қозғалысы кезінде құрбан болғандарды еске алып, рухтарына Құран бағыштау шарасы ұйымдастырылды.

Еске алу, дұға ету шарасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен қолға алынды.

Шара қаладағы барлық мешіттерде бесін намазы кезінде дұға етіліп, 1986 жылы желтоқсан қозғалысы кезінде дүниеден озған боздақтардың рухына  арнап Құран бағыштады.

Шара соңында елдің бірлігі мен ынтымығын сақтау, тәуелсіз еліміздің мәртебесі қашанда биік болуын тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі