Түркістан: Діни оңалтуға бағытталған семинар өтті

0
680

Түркістан облыстық мешітінде діни ахуалды оңалтуға бағытталған семинар өтті. Оған қала мен аудан имамдары, ЖАНТ, АТК мүшелері, дінтанушылар, басқарма басшылары қатысты.

Семинар ЖАНТ және АТК жұмыстарын жандандыруға бағытталды. Жиын барысында Түркістан облысының имамы Еркебұлан Қарақұлов ақида, тауһид, мәзһаб тақырыптарында дәріс оқыды. Ол Имам Ағзам Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул Акбар» және «әл-Уәсия» еңбектерін дәріптеуді, түсіндірме жұмысында пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ жат ағым жетегінде жүрген жандармен кездесулер өткізіп, оларды райынан қайтару үшін жеке жұмыс жүргізілетінін айтты.

Семинар сұрақ-жауап форматында өтті. Жиын соңында облыстық Қоғамдық даму басқармасының дінтанушыларымен бірлесіп атқаратын ортақ міндеттер жоспары бекітілді.