Шымкент: Ихсан ілімі насихатталды

0
753

Шымкент орталық мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық №1 мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінің жас мамандарымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Ихсан ілімі бағыты насихатталды.

Басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, Өрт сөндіру бөлімінің жас мамандарына ҚМДБ-ның жаңа бастамасын кеңінен насихаттады. Аталған бөлімінің басшысы Есқали Дүйсебаев жиынның мамандар үшін пайдалы болғанын айтып, ризашылық білдірді.