Шымкент: Рухани-танымдық семинар өтті

0
703

Шымкент қаласы Қаратау ауданында орналасқан «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығында «Хәкім Абай және Ихсан ілімі» атты рухани-танымдық семинар өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров және Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов пен өзге де қала имамдары қатысты.

Игі шара барысында Бақдәулет Нұрматұлы кіріспе сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» бағыттарын кеңінен насихаттау туралы атап өтті.

Семинар барысында Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Нұрсұлтан Әбжәлел арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ танымдық семинарға қатысушы имамдар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Рухани шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.