Президент: «Қазақ тілін білу – біртұтас ұлт болу жолындағы маңызды қадам!»

0
111

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президент Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса маңызды кезең екенін атап өтті.

Жиын барысында қозғалған маңызды мәселелердің бірі – мемлекеттік тіл жағдайы.

«Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам. Сондықтан тіл үйренуге талпынған азаматтарымызды бәріміз қолдайық.

Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз.

Жақында латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Латын қарпіне көшіп жатқанымыз да – Тәуелсіздіктің жемісі», – деді Мемлекет басшысы.