Зайырлы ұрпақ тәрбиелеуде негізгі психологиялық қағидалар

0
1080

Зайырлылық-  мемлекеттің дінге қатысты ұстанатын принципі, оның мәні мынада: мемлекет  пен дін арақатынасы заң жүзінде ажыратылған, мемлекет дін ісіне, ал дін мемлекет ісіне араласпайды. Бірақ, бұл мемлекет дін мәселесінде бейтарап қалады дегенді көрсетпейді, өйткені мемлекеттің өзі әлеуметтік институт ретінде қоғам мүддесіне қызмет етсе, дін де сол әлеуметтік жүйенің бір саласы ретінде қоғамда белгілі бір қызмет атқарады. Мемлекеттің де,  діннің де қызметі қоғамға бағытталған. Дін адамның жеке және қоғамдық өміріне қажетті қызметтер атқарады, басқаша айтқанда адам дінге мұқтаж, ал енді мемлекет заң жүзінде өз азаматтарының рухани қажеттілігін өтеуге деген құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл жерде сенім бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген.

Зайырлылық ұстанымының келешек ұрпаққа әсер ететін психологиялық функциясы бар.Солардың ішінде реттеушілік функциясының орны ерекше. Бұл қағида мемлекетті өзінің тарихи үдерісі мен болмыстық тұғыры болып табылатын мәдениет және өркениеттік негізден ажырата  алмайды. Тарихилық ұстанымы тұрғысынан мемлекет өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетінің барлық қабаттарын қорғауға, сақтауға, дамытуға мүдделі. Сонда мемлекет үшін құрушы емес жат мәдениеттердің діни құндылықтарын насихаттайтын қаптаған миссионерлер мен теріс пиғылды ағымдардың әрекеттері бәсеңдейді. Сонымен қатар, дәстүрлі және дәстүрлі емес арасында, жаңа пайда болған діни ағымдарға деген аналогиялық талдау қабілеті артады

Оған қоса азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктері әртүрлі. Әркім мекеме тәртібіне сай келмейтін өз сеніміне қатысты қалаған киім үлгілерін киер болса, әлеуметтік теңсіздік психологиясы да бас көтеріп шыға келеді. Мысалы мектептегі оқушылардың форма киюге бағынбауы бірі байдың, тағы бірі кедейдің ұл-қыздары дегенге келтіреді. Бұл да жас баланың бойында агрессиялық психологияның қалыптасуына алып барады. Мектеп жасынан-ақ діни қатысын білдіретін киім киетін болса, онда әртүрлі діни төзімсіздіктерге мектеп жасынан жол ашқан боламыз. Олардың арасында «біз емес», керісінше «сен-мен» деген психологияны еккен боламыз.

Екінші, зайырлылықтың психологиялық функциясы ұлттық құндылықтарды күшейтуге бағытталады. Ислам діні үшін «дін» және «үммет» категориялары біртұтас қаралады. Бұл оның әлемдік, адамгершілік, бауырмалдықты, бейбітшілікті паш ететін дәстүрлі дін екендігінің көрінісі. Соңғы кездері ұрандатып шығып жатқан «біртұтас халифат» құрғысы келетін діни топтардың саясаты мен ықпалы да бізге аз әсер етіп отырған жоқ. Бүгінде дін жаһандық саясаттың құралы болып кетті. Таяу Шығыста оның нақты көрінісі адамзаттың тарихында болмаған сахналармен, исламофобияға қызмет етіп жатыр. Сол үшін де зайырлылық таным исламофобияға қарсы ұлттық құндылықтарымызды сақтауға көмек көрсетеді.

Екінші, зайырлылықтың психологиялық функциясы ұлттық құндылықтарды күшейтуге бағытталады. Ислам діні үшін «дін» және «үммет» категориялары біртұтас қаралады. Бұл оның әлемдік, адамгершілік, бауырмалдықты, бейбітшілікті паш ететін дәстүрлі дін екендігінің көрінісі. Соңғы кездері ұрандатып шығып жатқан «біртұтас халифат» құрғысы келетін діни топтардың саясаты мен ықпалы да бізге аз әсер етіп отырған жоқ. Бүгінде дін жаһандық саясаттың құралы болып кетті. Таяу Шығыста оның нақты көрінісі адамзаттың тарихында болмаған сахналармен, исламофобияға қызмет етіп жатыр. Сол үшін де зайырлылық таным исламофобияға қарсы ұлттық құндылықтарымызды сақтауға көмек көрсетеді.

 Үшіншіден, діни таным әр текті болады. Сондықтан әрбір діни таным діни ағымдардың қалыптасуына негіз болып, олардың арасындағы психологиялық қайшылықтарды тереңдете түседі. Сонданда әр топ өз жолын басқа ағымдағыларға қарағанда ақиқат деп біледі. Бұл құбылыс қордаланып нәтижесінде, екі топ арасындағы діни өшпенділікке апарып соғады. Бұдан да сорақысы екі діни топ қоғамдағы екі саяси ағым немесе партияның құралына да айналып кетуі мүмкін. Бұл ислам тарихында жиі орын алған құбылыс. Нәтижеде қоғам жікке бөлінеді. Осы іс әрекеттерді алдын алу үшін зайырлылық ұстанымының қызметіне қажеттілік бар. Және теріс пиғылды ағым өкілдерінің өздерін ислам діні қорғаушыларымыз деген психологиясына тосқауыл қоятын бірден бір тетік болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Барлық адамдар өзінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша еркін және тең болып туылады. Оларға ақыл-парасат пен ар-ұят берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырлық қарым-қатынаста болуға тиіс»,- деп бекіткен. Қазақстан Республикасының басты байлығы-адамның өмірі деп жазылған. Зайырлылық ұстанымның адам өміріне, психологиясына, көзқарастары мен өз сенімін еркін ұстануына бірден бір құрал.

Уралбаев Айдос