Кереғар діни ағымдардың салдары

0
1432

Ислам діні қазақ халқының ұлттық біртұтастығының белгісі болып табылады. Бүгінгі қоғам жастары өздерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауды мұрат тұтуы тиіс. Бұл – рухани негізді игерудегі бүгінгі жаһандану заманында мәдениеттің құлдырауынан сақтайтын, сан түрлі сипаттағы деструктивті ағымдарға қарсы тұруды қалыптастыратын қорған.

Адамзат баласына ортақ құндылықтардың бір — дін. Дiн тұлғaның дүниeтaнымын қaлыптacтыpaтын қacиeт. Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңірген дін ол Ислам.

Теріс діни ағым өкілдері қазақ халқымен жасасып келе жатқан мерекелерге, зайырлы іс-шаралар мен өзге діндердің мерекелеріне төзімсіздік танытады. Тіпті, тамыры тереңнен бастау алған Наурыз мейрамын да тойлауды дұрыс көрмейді. Сонымен қатар, жат ағым өкілдері Ислам дінін ұстанатын елдерде кеңінен аталып өтетін Мұхаммед пайғамбардың туған күні — Мәуліт мейрамын атап өтуге де қарсы екені белгілі. Қатаңдыққа бейім теріс ағым өкілдері «қанша ғасырдан бергі барлық мұсылмандар қателесіп келді» дейді және өздерінің діни көзқарастарымен келіспейтін ғалымдарды адасқандар санатына жатқызады. Құран мен хадистерді ғалымдардың түсінігімен емес, тіке және тар мағынасында қабылдайды. Олар өз түсініктерінде діннен басқаның бәрін теріске шығарады. Бұл ағымдар идеологиясы қазақ қоғамынының мәдениетіне қарама-қайшы. Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. Харизматикалық қасиеттерге ие теріс діни ағым насихаттаушысы діннен аз хабардар адамды оңай таниды және оны өз қарамағына тартып алады. Сол себепті, дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең әуелі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан анықтауға болатындығын атап өткен жөн. Жат діни ағым идеологиясының таралуына тосқауыл қою мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде ақпаратық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл қауіптің алдын-алып, теріс діни ағымдармен күресу қоғам алдындағы негізі міндет болып табылады. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Біз ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі Ислам дінін, оның ішінде Ханафи мазһабын ұстанушы

халықпыз. Өзіміздің тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, ұлттық құндылықтарымыз бен әдет-ғұрпымыз бар халықпыз», — деп айтқан болатын. Біз асыл дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегіне кетпей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, диалогқа жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл болуға тиіспіз. Бұл үшін бізде ең алдымен бірлік болуы керек. Дана халқымызда «Бірлігі жарасқан ел озады» деген сөз бар. Сондықтан барлығымыз өзара ынтымақ пен бірлікте болып, өзара сыйластықта жүрсек бізді алар жаудың болмайтындығы сөзсіз.

Н.Тойшиев
«Оңалту жұмыстары және
діни психологиялық қолдау»
бөлімінің маманы