Шымкент: Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты

0
768

ҚМДБ Шымкент орталық мешіті жанындағы Жастар ісі секторы мен Әжелер мектебінің мүшелері «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында көпбалалы, мұқтаж 8 отбасының әрбіріне 30 мың теңге қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Қалалық Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков сөз алып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға ризалық білдірді.

Айта кету керек, осындай игі шараға бүгінде зейнет жасындағы апаларымыз да атсалысуда. Олар мешіт жанындағы Әжелер мектебінің мүшелігіне тіркеліп, тәрбие жұмыстары мен қайырымдылық бағыттағы жұмыстарға үлес қосып келеді.