Ұжымдық шарт жасалып, міндеттер жүктелді

0
899

Жаңадан ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымында, яғни Шымкент қаласының дін істері еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік мекемеде әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарт қабылданды.Оған жұмыс беруші тарапынан басқарма басшысы Алжан Әлішерұлы Тұяқбаев және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Алиякбарұлы Тулемисов қол қойды. Ол Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өтті.Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын филиал құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақыт Алиякбарұлы Тулемисов және «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы өзара келісім-шартқа қол қойды. Филиал төрағасы С.Әуесханов басқарма басшысы мен кәсіподақ комитетінің төрағасын «Еңбек – елдің мұраты» жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсына, «30 еңбек елшісі» атты кәсіподақтық Жобаға, «Халықтық бюджет» атты кәсіподақтық Жобаға және «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялануына байланысты «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауына қатысуға шақырды.