Шымкент: Мешіт ауласына көшет отырғызды

0
666

Шымкент қаласындағы «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Ербосын Орынның ұйымдастыруымен «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті.

Іс-шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың тапсырмасы аясында қолға алынды. Игі шараға аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров қатысып, мешіт ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Ағаш көшетін отырғу шарасы мешіттер мен өзге де орындарда үш ай бойы жалғасады.