Шымкент: Әжелер мектебі ашылды

0
1140

ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі рухани тәрбие – Ихсан ілімін кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент орталық мешітінде Әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті.

Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және Әжелер мектебінің мүшелері қатысты.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, рухани тәрбие жұмысында аналардың орны ерекше екенін атап, аналармыздың жұмысына сәттілік тіледі.

Наиб имам әрі Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров  құрылған топтың міндеттері мен мақсаттарына және Ихсан ілімінің маңыздылығы жөнінде арнайы баяндама жасады.  Сондай-ақ салтанатты шара барысында жуырда жарық көрген «Хәкім Абай және Ихсан ілімі» атты еңбектің таныстырылымы өтті.