Шымкент: Дендросаябақта имамдар аллеясы ашылды

0
602

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұсынысы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың басшылығы тарапынан қолдау тауып, арнайы жер бөлініп имамдар аллеясын ашу туралы шешім қабылданды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары қатысты.

Ендігі мақсат – бөлінген жер аумағына түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шараларын өткізіп, қоршаған табиғатты аялауды және қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлау.