Шымкент қаласы аумағындағы діни конфессиялардың бүгінгі жағдайы

0
808

Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет. Дін мемлекеттің, мемлекет діннің ісіне араласпайды. Десе де, мемлекет өзінің тәуелсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуде діни конфессиялар мен діни бірлестіктердің жұмысын ұдайы бақылап отырады. Сол себепті елімізде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан Дін істері комитеті және облыстар мен ірі мегаполис қалаларында арнайы дін істері басқармалары құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласы еліміздегі көпұлтты және көпконфессиялы қалалардың бірі болып саналады. Қаламызда он бір діни конфессия өкілдері өмір сүреді. Оның ішіндегі ең ірісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі. ҚМДБ өкілдігнің қаламызда 105 филиалы (мешіті) бар, қалған он діни конфессияның отыз үш діни бірлестіктері жұмыс істейді.

Діни конфессиялар қала тұрғындарының рухани қажеттілдігін қанағаттандырып, олардың бойына адамгершілік пен мейірімділікті ұялатуда үлкен рөл атқарады, және олардың қоғамдағы ең басты рөлі де осы болып табылады. Діни конфессиялар өздерінің бекітілген ережелері аясында ғана жұмыс жасайды. Жоғарыда айтып өткендей діни конфессиялардың немесе бірлестіктердің жеке топ құрып саяси мәселелерге араласуына немесе қоғамды жік-жікке бөлінуіне қатаң тиым салынады. Қайсы бір діни конфессияның өкілдері болмасын діни бірлестіктер мен филиалдардан тыс жерлерде өзінің дінін дәріптеп, адамдарды тартуына да болмайды. Осы аталған заңсыз әрекеттерді бақылау және оны болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелер тарапынан қоғам арасында бақылаулар мен зерттеулер жүргізіліп отырады.

Қаладағы діни конфессиялар арасындағы қатынастар мен олардың жай күйін бақылау мақсатында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерінің зерттеу орталығы» мониторинг жұмыстарын жасап, әлеуметтік зерттеулер жүргізіп отырады. Соңғы рет жасалған әлеуметтік зерттеу сауалнамасының қорытындысына сәйкес, конфессияаралық қатынастарды зерттеуге қатысқан тұрғындардың 97% — тұрақты, достық қатынаста деп көрсеткен. Бұл өз кезегінде қаламыздағы дінаралық келісім мен татулықтың бар екенін, түрлі дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастың жақсы екендігін көрсетеді.  Осы діни конфессияаралық келісімнің сақталуына және оның одан әрі нығайуына қандай факторлар әсер етеді деген сауалына зерттеуге қатысқан тұрғындардың басым бөлігі діни сауаттылықты жоғарылату, кереғар діндерден олардың идеологиясынан сақ болу және зайырлылық ұстанымды күшейту деп көрсеткен.

Мониторингтік және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша, қаладағы діни конфессиялардың жұмысы қалыпты, өз ережелері аясында жұмыс жүргізіп жатқандығын көрсетті. Сондай-ақ,  соңғы бір жылдағы карантин уақытында қаладағы діни конфессиялар карантин ережелерін сақтап қана қоймай, қиын қыстау кезде қаладағы жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырып, игі істермен айналысты.  

Жалпы, әрбір дәстүрлі діндердің негізгі миссиясы адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, оларды мейірімділік пен ізгілікке шақыру, қоғамға кері әсерін тигізер жиіркенішті істер мен әрекеттерден қайтару. Сол арқылы қоғамдамның тыныштығы мен тұрақтылығын нығайтып, елдің тәуелсізді мен тұтастығына елеулі септігін тигізеді.  Осы аталған негізгі миссияларын орындау арқылы дәстүрлі діндердің қоғамда қажеттілігі арта түседі. Біздің елдегі тіркелген барлық діни конфессиялардың да негізгі мақсат, миссиялары осылардан құралып, жұмыстарын сол бағытта жалғастырар болса нұр үстіне нұр болары анық.

Б.Жунисов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» әлеуметтанушысы