Түркістан: Әжелер алқасы құрылды

0
625

Түркістан облысы Жетісай ауданы бас имамының бастамасымен мешіт жанынан «Әжелер алқасы» құрылды.

Ауданның бас имамы Жорабай Дулатбаев бұл жобаның қыз-келіншектерге берер пайдасы мол деп есептейді. Өйткені қоғамда әйел мәселесі мен ұрпақ тәрбиесі өткір болып тұр.

Аудандық мешітте әжелер алқасының алғашқы отырысы өтті. Келешекте істейтін жұмыс жоспары пысықталды. Аудан имамы жиын соңында ақ жаулықты апаларға ризашылық білдіріп, сый-сияпат жасады.