Шымкент: Бас имам медресе-колледж шәкірттерімен кездесті

0
749

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттерімен кездесті.

Бас имам кездесуде діни білім алу және мешіт саласында қызмет етудің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай оқу ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.  

Бақдәулет Нұрматұлы шәкіттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауап берді.