«Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты

0
637

«Balapan» телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балаларға арналған «Әл-Фараби» телехикаясын жарыққа шығарды.           

«Балалардың ел тарихын білуге, сондай-ақ Әл-Фарабидің ғалым мен ағартушы ретіндегі образы арқылы бүлдіршіндердің ғылымға деген ұмтылысын оятатындай білім беретін телехикаяны жасауды мақсат көрдік», – дейді «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай. 2D техникасында жасалған телехикаяның жобасына әрқайсысы 8 минуттан тұратын 10 серия кірді. Жобада ғұламаның балалық шағы, ғылымға келу жолы кеңінен суреттеледі. Телехикая арқылы балалар атақты жерлесі, ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, әлемге танымал ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен оның ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Жобаның басты мақсаты – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми білімның маңыздылығын насихаттау. 

Анимациялық телехикая Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30, 23:00-де дүйсенбіден жұмаға дейін «Balapan» телеарнасында көрсетіледі.