Шымкент: Студенттерге Ихсан ілімі насихатталды

0
791

«Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттермен Ихсан ілімі тақырыбында кездесу өтті.

Игі шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» мекемесінің қаладағы өкілі Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе-колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сарманов т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Басқосуда Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Ихсан ілімі тақырыбы аясында кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ медресе кітапханасына «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» және «Рамазан энциклопедиясы» кітаптары табыс етілді.

«Халал Даму» мекемесінің қаладағы өкілі Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге халал өнімдері туралы кеңінен түсіндірді.

Айта кетсек, кездесу аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай алдағы уақытта шәкірттерге халал өнімдері туралы шәкірттерге түсіндіру жұмыстары өткізілетінін хабар етті.