ШЫМКЕНТ: «ПАЙҒАМБАРДЫҢ ІСІМЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ РУХАНИ БАҒДАРЛАМА ӨТКІЗІЛДІ

0
863

Шымкент қаласының орталық мешіті «AQMESHIT» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен салт-дәстүрімізбен және шариғатымызбен  рухани жаңғырту мақсатында әз-НАУРЫЗдың құрметіне «Пайғамбардың ісімен рухани жаңғыру» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Алғы сөзді Шымкент қаласының бас имамы Абдрахманов Бақдәулет қажы сөйлеп, бағдарламаның ашылуын жасады.
Бағдарламада ұлттық дәстүрден «Қыз айттыру», «Қыз ұзату»,  «Балаға ат қою», «Бесікке салу» т.б. рәсімдер спектальдік қойылым түрінде көрсетілді. Сонымен қатар мешіт шәкіртінің орындауында «Әл-Қисса» күйі, әжелеріміздің орындауында қазақша әндер және иләһи әндер орындалды.
Және де 1. Ұлттық нақышта
2. Заманауи
3. Шариғат аясында
шарттарына үйлестірілген, арнайы тапсырыспен тігігілген, үлкенді-кішілі жастарға арналған киім үлгілерінің де қойылымы өткізілді.
Бағдарламаның соңында көп балалы, алтын алқалы батыр аналардың батасымен кеш аяқталды.
Бұл кеште үлкен еңбегі сіңген Жамал Кадырова,  Роза Сүгірбек ұстаздар, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз бен мешіт шәкірттеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.