Жастар – жасампаздықтың қозғаушы күші

0
641

Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен ҚР АҚДМ жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің онлайн-отырысына республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері және басқалар қатысты.Кеңес төрағасы Асхат Оралов, орталық мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл мен тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.2020 жылғы жастар және отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтып берді. Қатысушылар отырыс жұмысының барысында «Жастарды дамыту индексі» ұғымына ерекше тоқталды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев осыы жылдың 15 қаңтарында өткен ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанда әлемдік тәжірибеге сәйкес жастардың даму индексін енгізуді ұсынған болатын.