МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

0
906

Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Дұйсенбекұлының қатысуымен бүгін қалалық филиал ғимаратында онлайн форматта партияның кезекті мәжілісі өтті.

Жиналыста өткен жылғы және 2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айында атқарылған жұмыстар талқыланып, осы тұрғыда баяндама жасап өттім. Бүгінгі күні «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында 49 бастауыш партия ұйымы 34867 партия мүшесі бар.

Жақында наурыз айында қалалық партия филиалы жанынан 13 қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңестер партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыратын жол картасының өнімді жұмыс істеуіне жұмылатын болады. 2021 жылдың басынан қазірге дейін партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1645 өтініш түсті. Оның 751-і оң шешімін тапты, 817-іне заңға сәйкес түсінік берілді, 77-і қаралу үстінде.Оң шешілген мәселелер бойынша тарқатып өтсек: 556 мұқтаж азаматқа демеушілер есебінен әлеуметтік көмек көрсетілді. 112 азаматқа денсаулық саласы бойынша, 39-ына заңгерлік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар тұрғын үй, жол-көлік, білім, еңбек ақы өндіру, жұмысқа орналасу, өзге де мәселелер бойынша оңтайлы шешілген талаптар бар.