Имам: Жаназа өткізудегі жарысты тоқтатайық

0
640

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде салттық қызмет көрсететін «Qamqor-Sharapat» орталығы ашылды.«Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Камалжан Бекбосынұлы жиналған халыққа жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылып жатқан шаралар туралы түсіндіріп айтты.Келесі кезекте «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы  ашылуына байланысты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде аудан имамдарымен «Зират және зиярат әдебі» тақырыбында жиын өтті.Бұл жиында Камалжан Бекбосынұлы «Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екендігін және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екендігі туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.