Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындау қажеттігі түсіндірілді

0
1130

Маңғыстау  облысы  ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен террористік тұрғыдан осал нысандарда терроризмге қарсы дайындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен меншік иелерінің қатысуымен заңнамаға жоспардан тыс өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету  жөніндегі талаптарды орындау қажеттігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 

2020 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енгені белгілі. Соған  сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы  қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осы саладағы өзгерістерге сәйкес объектілердің әртүрлі санаттарына олардың салалық тиесілілігіне және қызмет бағытына қарай терроризмге қарсы қорғаудың белгілі бір талаптарын бекітуді көздейтін салалық тәсіл енгізіледі. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеп, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізді.  

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (10-3-бап) талаптарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, меншік нысанына қарамастан  меншік иелеріне, басшыларына немесе өзге де лауазымды адамдарға жүктелген.

Талап  орындамаған  жағдайда  ҚР ӘҚБтК  149-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік және 100-ден 1 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы  қауіпті  жағдай  туындаған жағдайда  адамдардың  өзін-өзі ұстау қағидалары бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.