ШЫМКЕНТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

0
777

Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласында қайырымдылық акциялары жалғасуда. Оның аясында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға ауызашар себеті таратылады.

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында тұратын осындай 200 отбасыға бір реттік ауызашар себеті таратылды.

– Қасиетті Рамазан айында жасаған қайырымдылығымыздың сауабы еселенеді деп сенеміз. Алла тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етсін. Мына көмекке қол ұшын созған кәсіпкер бауырларымызға Алла разы болсын, — деді «Абдул Хамит Қаттани» мешітінің имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлы.Ордабасы алаңындағы мешітінде дін өкілдері мұқтаж жандарға қораптарды таратып берді. Айта кетейік, карантин режиміне байланысты биылғы Оразада Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша ауызашар беру рәсімі тоқтатылып отыр. Сол себепті пітір садақа «Рамазан қоржынына» салынып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік түрінде жеткізіледі.

Бұл акцияға аудан кәсіпкерлері қолдау көрсетіп отыр. Қайырымды азаматтар азық-түлік себетіне қаржы бөлген. Ал тиісті отбасылардың тізімін Әл-Фараби аудандық әкімдігінің мамандары беріп отыр.

Имамдар қайырымдылық іс-шараларына белсенді атсалысуға шақырады.