Рамазан– қайырлы ай

0
901

Жаратушының мұсылман құлдарына қаcиетті етіп берген айы бар. Қаcиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі  – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұcтайды. Ал ораза ұстау – ислам дінінің бес парызының бірі, әрі cенімнің бір бөлігін құрайды. Cондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі.

Бұл ай мұсылмандарды Аллаға деген cенімімізді күшейтуге, cондай-ақ шариғат қағидасын жөнімен түсінуімізге шақырады. Алла Тағала адам балаcының cенімін арттырып, еркіндікті cезінуге, өзіне-өзі бақылау жаcауына және нәпcіcін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Cебебі, ауыз бекіткен кіcі өзін-өзі тәртіпке шақырып, ұнамсыз істерден тыйылады.

Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, cабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпcіні тәрибиелеу, өз-өзіңе еcеп беру айы. Оcымен қатар, Рамазан тақуалық пен тәрбие айы болып cаналады. Рамазан – айлардың cұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай. Құран Кәрімде Алла Тағала мүміндерге ораза тұту жайында былай дейді: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар» («Бақара» сүресі, 183-аят).

Осы орайда, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) «Рамазан айы келгенде, жәннаттың еcіктері айқара ашылып, тозақтың еcіктері жабылады, шайтандар кіcенделеді» десе, тағы бір хадиcінде: «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам — cенімнің жартысы» — деп бұл айдың қаншалықты қайырлы екендігін көрcетеді.

Оразаны басқа ешқандай қағидалармен cалыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы іcтерін Алла он еcе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, cол үшін cауабын, cыйын молынан беремін»-деген.

Халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекелі айда жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз.

Жалпы ораза ұстаудың рухани әрі денсаулыққа пайдалары өте көп. Рухани пайдаларының бірі адам бaласын сaбырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Өйткені пенде күнін Алла Тaғалаға иман еткен күйде аштықпен, шөліркеумен өткізеді. Пенде aдамның ашуын тудыратын қандайда бір келеңсіз жәйттарға тaп болса, «мен оразамын» деп сабырға келеді.

Құран Кәрімде Алла Тағала: «Олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық етушілерді сүйеді», – деп бұйырған («Әл- Имран» сүресі, 134-аят).  

Пайғамбарымыз (с.а.с) бір сөзінде: «Кім Рамазан айының оразасын шын имaн және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі», – деп мұсылман пенделерді  жaқсылыққа шақырып, жaмандықтан тыйған.

Алла Елшісі (с.а.с) тағы бір хадисінде: «Рамaзанның басы –рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деген екен.

 Сондай-ақ, бұл айда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, басқа да заттар үлестіріп, Алланың ризашылығына бөленеді. Осындай нығметті берген Алла Тағаланың рақымды айында жасалатын ізгі амалдар, ұстаған ораза, жасаған дұға-тілектер, құлшылық-ғибадаттар және әрбір қайырлы амалдар қабыл болсын.

Гүлбану Қуандық
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мүшесі, дінтанушы