Цифрландыру заманындағы діни зерттеулер

0
33

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы «Конфессияаралық жəне өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығы» КЕАҚ-мен бірлесе отырып «Қоғамды цифрландыру жағдайындағы дін жəне діни зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияда дін қызметінің түрлі аспектілеріне, діни жəне діни емес факторларға, өзгерген əлеуметтік жағдайларындағы діншілдік жəне дінаралық өзара іс-қимылдарға, сондай-ақ дін мен зайырлы идеологиялар, құрылымдар, субъектілер арасындағы офлайн жəне онлайн форматтағы қарым-қатынастарға сандық технологиялардың əсер етуіне байланысты мəселелердің ауқымды спектрі талқыланды.

Іс-шарада Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А. Хатиев алғы сөз сөйледі.

А. Хатиев COVID-19 пандемиясы жағдайындағы жаһандық тәжірибе қоғамның барлық саласын, соның ішінде дін саласын айналып өтпейтіндігін, дін цифрлық технологиялар дәуірімен бірге өмір сүріп, өзара әрекеттесетінін, сондықтан діни тәжірибе мен ақпараттық технологиялардың өзара байланысы мен әрекеттестігі туралы сұрақтар туындауы заңды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференция жас және тәжірибелі ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал ететінін, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты қолдайтын дінтану ғылымын дамытудағы елеулі қадам екенін атап өтті.

Конференцияға аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытқан отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.