НАИБ МҮФТИ «КИЕЛІ ТАБИҒАТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

0
730

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Нұр-Сұлтанда өткен «Киелі табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясына қатысты.

Акция аясында елордадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызылды. Шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталды.

«Бабаларымыз бұрыннан табиғатты аялап, құрметтеген. Бүгінгі «Киелі табиғат» экологиялық акциясы бабалардан келе жатқан сол үрдісті жалғап, кейінгі жас буынға тағылым ретінде қалдыру мақсатында өткізіліп отыр» деді Ершат Оңғар.

Айта кетейік, «Киелі табиғат» акциясы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында жалғасады