Дәстүрлі дін жайлы түсінік

0
2736

      Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары.Ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор.

Дін адамды ізгі қаситеттерімізді пысықтатса салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Әр халықтын өзіне тән қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері  болады.Мәселен: Еліміздің ұлан байтақ жерінің алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған.Қазақ ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық,дәстүр ұлтты рухани жандандырып оны ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп,көрсетіп тұратын сипаттан.Дін мен дәстүр қашан да бір-бірімен сабақтас егіз ұғым десек те болады.Дін бар жерде дәстүр,дәстүр бар жерде дін де бар.Ислам діні әр бір халықтың ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктеріне әдет ғұрыпына  көңіл бөлген.Сондықтан ислам ғұламалары әдет ғұрып мәселесін талдап оның өзін жеке тақырып етіп зерттеген.

Дәстүрлі дін:1 Татулық,жақсылық,бірлік-ынтымақ және сүйіспеншілік идеяларын насихаттайды.

2 Басқа діндерге қарсы дөрекі сыни көзқарасы мүлдем жоқ.

3 Деструктивті мағанасы жоқ.

Жалған діни ағымдар:1 Дәстүрлі діннен бөтен діни ілімді уағыздауында.

2 Басқа діндерді қатаң сынау және олардың ізбасары үшін Құдайдың жазасын уәде етуінде.

3 Ағым мүшелерінің сыртқы келбетін өзгертуі,діни есімдер беріп рухани атақтарды үлестіру.Діни киімдер мен символикалық аксесуарларды тағып жүруді,киюді талап етуінде.

Дәстүрлі дін дегеніміз: Осы ислам дінінен алынған. Осыдан он төрт ғасыр алдын араб түбегінде Алла Елшісі Мухаммед(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келген дін,- Ислам діні.

Қазақ-ежелден мұсылман халық. Ислам діні мен қауышқанына он екі ғасырдан асты.Сол замандардан бастап ұлттық сана-сезімі,салт-дәстүрі,мәдениеті мен әдебиеті асыл дініміздің құндылықтары мен бірге дамыды.Бір-бірімен астасып ажырамас құндылыққа айналды. Алланың Қасиетті Құраны мен Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисін- дәстүрге енгізіп, кейінгі ұрпаққа өзге ағым жетегінде кетпес үшін,тәрбие мен шариғатымызды жеткізіп отырды.Баланың дүниге келіп құлағына азан айтып ат қоюынан бастап, дүниеден озған адамға жаназа оқуға дейінгі нарселердің баршасын Исламнан шариғаттан алып бізге дәстүрмен жеткізіп отырған.

Шариғаттан алатын дүниелер үлкендерді құрметтеу,ата-анаға қарсы келмеу, басшыға бағыну,көршіге қарайласу жетімді тамақтандыру осындай игі істердің баршасын дәстүрмен сабақтастырған.Осы мұраларымызды көздің қарашығындай қорғап,кәдеге асырған жағдайда ғана ұлттық болмысымызды сақтап қаларымыз анық.

    Қоғамда шығып жатқан талай келеңсіз жайттар,ең алдымен,ата-дәстүрімізден жалғасып келе жатқан ибалық имандылық,қарапайымдылық, кішіпейілділік,қанағатшылдық сияқты асыл қасиеттерден,дәстүрімізден айрылып бара жатқандығымызды білдіреді.

        Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты да ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрлерімізді жаңғырту,елдің рухани құндылықтарының қайта түленуіне мұрындық болу болып табылады.Өзіндік мәдениеті,тілі,ділі,салт дәстүрі,бабалар салып кеткен діни бағыты бар.Ол бағыт:Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне негізделген сара жол.Оның ішінде шариғаттағы іс-амал бойынша Имам Ағзам Әбу Хаифа мәзһабы,ал діни танымдық мектебі:Имам әл-Матуриди қалыптастырған тура жол.Бұл бағыт діни бірлестіктер туралы заңда да тайға таңба басқандай етіп көрсетілген.

Жаратқан Иеміз Еліміздің тәуелсіздігін,тыныштығын баянды етіп, өзге ағым жетегінде жұргендерге хидаят беріп,жан жақты дамыған,имандылық салтанат құрған іргелі елге айналдырсын!

                                                                Шымкент қаласы,Абай ауданы
Жастар ісі секторы
Темірші ата мешітінің имамы
Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы