Түркістан: 373-пәтер көпбалалы отбасыға берілді

0
540

Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркістан қаласы бойынша өкілдігі «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен үш үй беруді жоспарлаған еді.

Қасиетті айдың екінші жартысында екінші баспана асыраушысынан айырылған тағы бір көпбалалы отбасыға берілді. 3 бөлмелі пәтер күрделі жөндеуден өткізіліп, жиһаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, азық-түлік және т.б керекті заттарымен тарту етілді.

Қаражат зекет, садақа есебінен жиналды. Пәтер кілті мен құжаттарын тапсыру рәсіміне облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов пен қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы қатысты. Жергілікті зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев үшінші пәтерді алу үшін әрекет басталғанын айтып, демеушілерге ризашылығын білдірді.