Шымкент: Рухани-танымдық кеш өтті

0
555

Шымкент қаласындағы «Шәмші Қалдаяқов» атындағы Түркістан облыстық филармониясында қасиетті Рамазан айына арналған рухани-танымдық кеш өтті.

Іс-шараға «Айқап» мешітінің имамы Әлімжан Бекболұлы қатысып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтып,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Рухани кеш барысында өнерпаздар қасиетті айдың келуіне орай жарапазан жырын айтып,  күй шертіп,  термеге кезек берді. Осылайша қатысушыларға рухани көңіл-күй сыйлады.

Кеш соңында шараға қатысушыларға  «Намаз оқып үйренейік» кітапшасы мен ораза тұту кестесі тегін үлестірілді.