Шымкент: Соғыс және Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

0
575

Бүгін Шымкент қаласы өкілдігі Жеңістің 76 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» шарасын ұйымдастырды.

Мерекелік шара Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында жалғасын тапты. Соның бір көрінісі Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жәміштің ұйытқы болуымен ауданға қарасты бірқатар соғыс ардагерлерінің отбасына зиярат етіп, мерекемен құттықтады.

Айта кетсек, бұл айтулы игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының бастамасымен мамыр айының соңына дейін жалғасады.