Ораза айт намазын оқуға рұқсат берілді

0
583

Еліміздегі мешіттер ауласында жамағатпен Ораза айт намазын оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.  

Жергілікті Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, ораза айт намазын оқуға жиналған жамағат санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. 

Құлшылық үйіне жиналғандарға келесідей талаптар қойылады: 
— Бетперде (маска) киіп келу;
— Үйден дәрет алып келу;
— Намаздан соң қол беріп амандаспау;
— Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
— Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;  
— Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал. 

Еске сала кетейік, Ораза айт намазы 13 мамыр сағат 07:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) оқылатын болады.